Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісуда бір тоннадан астам заңсыз ауланған балығы бар фургон ұсталды

Жетісуда бір тоннадан астам заңсыз ауланған балығы бар фургон ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарқан ауданы Лепсі-Көкжиде автожолында тексеру үшін тоқтатылған Volkswagen Crafter автокөлігінен үш түрлі балықтан тұратын заңсыз жүк табылды.

– Көлікті облыстың 32 жастағы тұрғыны басқарған, ол балық аулауға рұқсат қағазын ұсына алмады. Салоннан 1167,6 келі қарақұйрық, көксерке және вобла балығы табылды. Табиғат пен мемлекетке 3 миллион теңгеден астам шығын келтірілген. Жиналған материал Балқаш-Алакөл облысаралық балық инспекциясының қызметкерлеріне тапсырылды. Күдіктінің жауапкершілігін сот айқындайтын болады, – дейді Жетісу облысы ПД табиғат қорғау полициясының аға инспекторы Бағлан Рымжанов.

Өңірде «Браконьер» профилактикалық іс-шарасы барысында алты күнде табиғат қорғау заңнамасының 37 бұзушылығы анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру