Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісуда консультативтік-кеңесші органның мүшелері қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасының жобасын қолдады

Жетісу облысы ПД жанындағы консультативтік-кеңесші органның мүшесі Ерлан Сансызбаев Талдықорған қаласының полицейлерімен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Диалог барысында ҚР ІІМ әзірлеп жатқан қоғамдық қауіпсіздікті қоғаммен серіктестікте қамтамасыз етудің тұжырымдамасының жобасы қаралды. ККО мүшелері қолдаған тұжырымдама жобасы елдегі құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудің одан әрі стратегиясын бекітуді көздейді. Себебі, халықаралық тәжірибе көрсеткендей, қылмыстың  салдарымен күрескеннен гөрі оның алдын-алу шараларын бірлесіп қабылдау үнемді, әрі тиімді.

– Бұл құжат мемлекеттік органдардың, кәсіби полицияның және жауапты қоғамдастықтың өзара іс-қимылы мен белсенді қатысуына негізделген құқық бұзушылықтардың алдын алудың кешенді жүйесін құрудың іргетасы болады. Тұжырымдама шеңберінде мемлекеттік органдар мен әкімдіктерді белсенді түрде осы іске тарту, барлық мүдделі тараптармен және азаматтармен әріптестік орнату, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздік мәселелері бойынша есептіліктің ашық жүйесін құру жоспарланып отыр. Бұдан басқа, онда полиция жұмысын трансформациялау, қағазбастылықтан қоғамның сұраныстарына бағдарланған модельге көшу жөніндегі шаралар бекітілетін болады, – деп атап өтті Жетісу полициясының беделді және құрметті ардагерлерінің бірі, ККО мүшесі Ерлан Сансызбаев.

Сындарлы диалог барысында елдегі қауіпсіздік деңгейін арттыру бойынша келісілген шешімдерді әзірлеуге барлық мүдделі тараптарды тартудың маңыздылығын түсінуге қол жеткізілді. Өз тарапынан консультативтік-кеңесші орган тұжырымдаманың барлық ережелерін ішкі істер органдарымен бірлесіп егжей-тегжейлі пысықтауға дайын екендігін білдірді.

Естеріңізге сала кетейік, ККО мүшелері полиция департаментінің тәртіптік және конкурстық комиссияларына үнемі қатысып отырады. Сонымен қатар, өңірдің аудандық полиция бөлімшелерінде көшпелі отырыстар өткізу тәжірибесі қолданылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру