Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісуда полицейлер жүргізушілерге қауіпсіздік брошюраларын таратты

Жетісу облысында қалааралық автобустар мен жүк көліктерінің жүргізушілерімен профилактикалық жұмыс жүргізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жол-көлік оқиғаларының алдын алу және өңір трассаларындағы қауіпсіздікті арттыру.

Рейдтік кездесулер барысында полицейлер жүргізушілерге жолдағы қауіпсіз қозғалыс ережелерін, заңды талаптар және төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша ұсынымдар жазылған ақпараттық брошюралар таратты. Жүргізушілерге, әсіресе қыс мезгілінде, көктайғақ пен нашар көріну жағдайында жылдамдық режимін қатаң сақтаудың маңыздылығы ескертілді.

Сондай-ақ ұзақ жолға шығар алдында жақсылап демалып, шаршаған немесе ұйқысы қанбаған күйде рөлге отырмау, ал алғашқы шаршау белгілері байқалғанда – тоқтап, күш жинау керек екені айтылды.

Бұдан бөлек, полицейлер төтенше жағдайлар кезіндегі әрекеттер тәртібін, қауіпсіздік белдігін тағудың маңызын және көлікті алкогольдік не есірткілік масаң күйде басқаруға жол берілмейтінін түсіндірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру