Жетісуда жедел медициналық көмек көліктерінің жүргізушілерімен профилактикалық кездесу өтті
Жетісу облысында полиция қызметкерлері жедел медициналық көмек көліктерінің жүргізушілерімен профилактикалық кездесу өткізді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Шараның мақсаты – жол қозғалысына қатысушылардың құқықтық мәдениетін арттыру және төтенше қызметтер мен құқық қорғау органдары арасындағы өзара іс-қимылды нығайту болды.
Іс-шара барысында полицейлер жүргізушілерге жол жүру ережелерінің негізгі талаптарын еске салып, әсіресе жедел шақыртулар кезінде қауіпсіз жүргізудің маңыздылығына назар аударды. Жол жүру ережелері бойынша білім деңгейі тексеріліп, жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша ұсыныстық сипаттағы кеңестер берілді.
Полиция қызметкерлері "Заң және Тәртіп" қағидатын ұстанудың маңыздылығын ерекше атап өтті – жедел жағдайларда да жүргізушілер заң аясында әрекет етіп, жолда қырағылықты сақтап, басқа қозғалыс қатысушыларына құрметпен қарауы тиіс.
Осындай профилактикалық кездесулер жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және азаматтардың қауіпсіздігі мен денсаулығына жауап беретін барлық қызметтердің үйлесімді жұмысын қамтамасыз етуге ықпал етеді.