Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісуда жол апатынан бір адам қаза тауып, үшеуі жарақат алды

Жетісуда жол апатынан бір адам қаза тауып, үшеуі жарақат алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жол-көлік оқиғасы Алакөл ауданында 27 қазанға қараған түні Toyota Gracia көлігінің қатысуымен болды. Алматы – Өскемен тас жолының 507-шақырымында 26 жастағы шетелдік көліктің жүргізушісі рөлді басқара алмай, автокөліктің аударылуына жол берді. Оқиға орнынан Үшарал қаласындағы ауруханаға түрлі жарақаттармен жүргізуші мен 1965, 1988, 2001 жылы туған үш әйел жеткізілді. Олардың бірі реанимация бөлімінде қайтыс болды.

Полицейлер жол апатының мән-жайын анықтап жатыр.

Аталған факті бойынша қажетті сараптамаларды тағайындай отырып, ҚР ҚК-нің 345-бабының 3-бөлігінде көзделген тергеу амалдары басталды.

Биыл Жетісу облысы арқылы өтетін Алматы – Өскемен автожолының учаскесінде 80 ЖКО болды, онда 50 адам қаза тауып, 160-тан астам адам түрлі жарақат алды.

Аймақ полициясы жүргізушілерді автожолдарда қырағылықты күшейтуге, жылдамдық режимін қатаң сақтауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру