Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында мас адам өзгенің үйіне баса-көктеп кірген

Ақмола облысында мас адам өзгенің үйіне баса-көктеп кірген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Есіл ауданының полиция бөліміне 71 жастағы жергілікті тұрғын бейтаныс адамға қатысты шаралар қабылдау туралы өтініш білдірді.

Зейнеткер 25 қазан түнгі сағат 02:00 шамасында бейтаныс жас жігіт мас күйінде оның үйіне заңсыз басып кіріп, есікті бұзып, дөрекілік танытып, қашып кеткенін хабарлады.

Учаскелік инспектормен құқық бұзушы анықталып, медициналық куәландыру жүргізу үшін орталық аудандық ауруханаға жеткізілді. Тергеу барысында күдікті өз кінәсін мойындап, үйді шатастырғанын түсіндірді. Ол түнгі уақытта біреудің үйіне заңсыз басып кірдім деп ойламаған.

Осы фактіге қатысты полиция бөлімімен ҚР ҚК-нің 149-бабының 2-бөлігі (Тұрғын үйге қол сұғылмаушылықты бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазіргі уақытта заң бұзудан мүлікке келтірілген залал сомасы белгіленді. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру