Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісулық полицейлер республикалық науқан аясында велошеру ұйымдастырды

Жетісулық полицейлер республикалық науқан аясында велошеру ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

30 шілде күні бүкіл әлем Дүниежүзілік адам саудасына қарсы күрес күнін атап өтеді. Адам саудасы – алдау, күш салу, қауіп-қатер төнгізу, сондай-ақ адам бостандығын шектеу немесе адам осалдығын қанау арқылы адамды сатып алу, сату немесе қанау.

Мәжбүрлі еңбекті пайдалану қазіргі уақытта әлемнің бірқатар аймақтарында кең таралған, мұны БҰҰ статистикасы дәлелдейді. Халықаралық еңбек ұйымының мәліметінше, әлемде 2,5 млннан астам адам мәжбүрлі еңбектің құрбаны болып отыр.

Жетісу облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері «Талдықорған аумақтық әйелдерді қолдау орталығы» ҚБ ұйымымен бірлесе отырып, «Адам саудасына қарсымыз!» республикалық ақпараттық науқаны аясында велошеру ұйымдастырды, оған елуден астам адам қатысты.

– Республикалық науқанның басты мақсаты – халықты адам саудасына байланысты проблема туралы хабардар ету, мұндай құқық бұзушылықтардың алдын алу және болдырмау. Бұл мәселені жете түсіну, оны жақын адамдармен, таныстарыңызбен талқылау және қажетті байланыстарды білу өте маңызды екенін атап өткім келеді. Қауіп төнген жағдайда бұл фактілер туралы «102» телефоны немесе 116-16 сенім телефоны арқылы дереу полицияға хабарлауыңыз керек, – деді Жетісу облыстық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Ердос Нұрпейісов.

Іс-шара соңында барлық қатысушылар веложарысқа белсенді қатысқаны үшін естелік сыйлықтармен және медальдармен марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру