Жезқазған қаласының полицейлері қоймадан екі қап кептірілген жемістерді ұрлаған азаматтарды ұстады
Жезқазған қаласының полицейлері қоймадан екі қап кептірілген жемістерді ұрлаған азаматтарды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
8 наурыз күні Қарағанды облысы Жезқазған қалалық Полиция басқармасына 60 жастағы қала тұрғыны арызбен шағымданған.
Жәбірленуші азаматша жеміс көкөніс өнімдерін сатумен айналысатын жеке кәсіпкер екені белгілі болды. Оның айтуынша белгісіз біреулер мереке күні қоймадан өзіне тиесілі екі қап кептірілген өнімін ұрлап кеткен. Келтірілген шығын көлемі 40 мың теңгені құраған.
Жедел іздестіру іс-шараларын полиция қызметкерлері қоймада орналасқан бейнебақылау камераларын қараудан бастаған. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде олар қоймадан ұрлық жасап жүрген екі азаматты байқаған.
Жедел әрекеттер барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 45 және 56 жастағы екі азамат анықталып ұсталды. Олар мойындау көрсетпе белгілерін берді.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 188-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.