Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды қаласының тұрғыны жалдамалы пәтерден құнды заттарды ұрлап кетті

Қарағанды қаласының тұрғыны жалдамалы пәтерден құнды заттарды ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

22 ақпан күні Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Киров полиция бөліміне 35 жастағы қала тұрғыны арызбен шағымданған. Жәбірленуші азаматша танымайтын біреуге өзінің пәтерін жалға берген. Белгісіз азамат жалдамалы пәтерде бір апта тұрған. Үй иесі апта өткен соң жалдап алушыны шығарып, ақшасын алмақ болғанда ол үйде болмаған. Сондай-ақ, азамат үйден кетерінде жәбірленушінің үйінен теледидармен қысқа толқынды пешті алып кеткені белгілі болды. Келтірілген шығын көлемі 160 мың теңгені құраған. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 188-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

10 наурыз күні криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел іздестіру іс-шаралары барысында аталған іске қатысы бар деген күдікпен 31 жастағы азамат анықталып ұсталды. Ұсталған азамат мойындау көрсетпе белгілерін беріп, одан айғақ зат ретінде қысқа толқынды пеш алынды.

Тергеу барысында күдіктінің осыған ұқсас қылмысы, яғни басқа жалдамалы пәтерден барлық бағалы заттарды ұрлағаны белгілі болды.

Тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру