Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жезқазғанда алаяқ көршісінің телефонын пайдаланып, шотынан ақша жымқырған 

Жезқазғанда алаяқ көршісінің телефонын пайдаланып, шотынан ақша жымқырған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

29 наурыз күні Қарағанды облысының ПД Жезқазған қаласының ПБ 49 жастағы қала тұрғыны жүгінген. Ол белгісіз біреу банк шотынан ақша қаражатын ұрлағанын хабарлады. Шығын 200 мың теңгені құрады.

Полицейлер жәбірленушіге екі күн бұрын келіп шұғыл қоңырау шалу үшін ұялы телефоның сұрағанын анықтады. Тергеу-жедел тобының қызметкерлері 28 жастағы күдіктіні ұстады. Күдікті жәбірленушінің ұялы телефонында орнатылған қосымша арқылы ақша қаражатын ұрлағанын түсіндіріп, кінәсін мойындады.

ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру