Жезқазғанда бұзақылар ұсталды
Жезқазған қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері бұзақылыққа қатысы бар күдіктілерді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
14 қазан күні Жезқазған қалаcының Полиция басқармасына 36 жастағы қала тұрғыны хабарласып, оны белгісіз екі адамның соққыға жыққаны туралы шағымданған.
Оқиға жәбірленуші өзінің автокөлігімен қаладағы дүкендердің бірінің маңында тұрғанда болған.
Жәбірленуші көліктен шыққанда, оған белгісіз екі адам тиісіп, еш себепсіз ұрып-соғып, көліктің терезесін және дүкенде орналасқан бейнебақылау камерасын сындырып, оқиға орнынан қашып кеткенін айтқан.
Өткізілген жедел – іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 21 және 22 жастағы екі азамат ұсталды.
Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293-бабына (Бұзақылық) сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.