Жезқазғанда ер адам мүгедек әйелді тонап кетті
Жезқазғанда ер адам мүгедек әйелді тонап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
24 қыркүйекте Қарағанды облысы, Жезқазған қаласының ПБ-на 51 жастағы қала тұрғыны жүгінген. Ол 31 жастағы мүгедек қызының дәрменсіз жағдайын пайдаланып, біреу оның алтын сақинасын тартып алғанын айтты.
Келтірілген шығын көлемі 200 мың теңгені құрады.
Полиция ҚР ҚК 191-бабы (Тонау) бойынша қылмыстық іс қозғады. 13 қазанда жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті – 38 жастағы ер адамды анықтап, ұстады.
Ол қылмысын мойындады. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.