Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Қауіпсіз қала” шарасы: Қарағандыда 3 қылмыскер анықталды

Қарағандыда “Қауіпсіз қала” жедел алдын алу шарасы барысында үш қылмыс ашылып, 654 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 16-17 қазан аралығында Қарағанды қаласының аумағында “Қауіпсіз қала” жедел алдын алу іс-шарасы өтті.

Аталған іс-шараға жол жүру ережесін өрескел бұзуды анықтау бойынша Қарағанды қаласының ПБ патрульдік полиция полкінің Қарағанды облысы ПД ЖҚАЖ қызметкерлерімен бірлескен он экипажы және жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушылықтарды анықтау бойынша жеті экипаж қатысты.

Іс-шара аясында полицейлер жол қозғалысын қадағалауды күшейтуге басты назар аударды. Сондай-ақ рейдті шаралар Қарағанды автожолдарында да жүргізілді. Іс-шараның негізгі міндеті – жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу және қылмыстық құқық бұзушылық фактілерін анықтау.

Мәселен, аталған кезеңде полицейлер үш қылмыстың бетін ашты оның ішінде екеуі ҚР ҚК-нің 346-бабы (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) бойынша және біреуі ҚР ҚК-нің 106-бабы (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша қылмыс. Бұдан басқа, тыйым салынған заттарды атап айтсақ – төрт пышақ, екі пневматикалық тапанша, қолдан жасалған автомат алынды, осыған байланысты олардың пайдалануға жарамдылығын тексеру мақсатында тиісті сараптамалар тағайындалды. Есірткі заттарын алудың төрт фактісі тіркелді.
Сонымен бірге жедел алдын алу іс-шарасы барысында 654 әкімшілік құқық бұзушылық, оның ішінде жол қозғалысы ережелерін бұзудың 477 фактісі анықталды. Оның ішінде ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы (Масаң күйдегі жүргізушінің көлік құралын басқаруы) бойынша сегіз факт, ҚР ӘҚБтК-нің 613-бабы (Ішкі істер органдары қызметкерінің талаптарын орындамау) бойынша бір факт, жолдың жүру бөлігінің қарсы бағытына шығу бойынша үш факт анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру