Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жезқазғанда пәтерден зергерлік бұйымдарды үптеп кеткен ұры қамалды

Жезқазғанда пәтерден зергерлік бұйымдарды үптеп кеткен ұры қамалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

3 қазанда 23 жастағы қала тұрғыны Жезқазған қаласының ПБ-на жүгінген. Ол пәтерге белгісіз біреу кіріп, зергерлік бұйымдарды ұрлап кеткенін айтты. Келтірілген шығын көлемі 250 мың теңгені құрады.

Анықталғандай, ұры көпқабатты үйдің бірінші қабатында орналасқан тұрғын үйіне терезедегі торларды сындырып кірген. Ұры қылмысты жәбірленуші жұмыста болған кезде жасаған.

Жедел-іздестіру-іздестіру тобының қызметкерлері «ізін суытпай» күдікті – 40 жастағы ер адамды ұстады. Ол қылмысын мойындады. Айғақты заттар алынды.

ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу жүріп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру