Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Теміртауда кафенің гардеробынан ақша ұрлаған 18 жастағы қыз ұсталды

Теміртауда кафенің гардеробынан ақша ұрлаған 18 жастағы қыз ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

26 қыркүйекте 38 жастағы қала тұрғынынан Қарағанды ​​облысы Теміртау қаласының ПБ Ескіқалалық полиция бөліміне арыз түсті. Ер адам белгісіз біреудің 154 мың теңгені ұрлап кеткенін айтты.

Анықталғандай, жәбірленуші кафелердің бірінің гардеробында ақшасы бар сөмкені қалдырған. Белгісіз біреу сөмкедегі ақшаны алып кеткен.Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

30 қыркүйекте криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында қылмыс жасады деген күдікпен 18 жастағы қызды анықтап, ұстады. Ол қылмысын мойындады. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру