Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жезқазғанда тұрғынның пәтерін тонамақ болған ер адам қолға түсті

Жезқазғанда тұрғынның пәтерін тонамақ болған 41 жастағы ер адам қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

7 маусымда Қарағанды облысының Жезқазған қаласының 50 жастағы тұрғыны үйде болғанда, зал бөлмесінен түсініксіз сыбдыр естіген. Бөлмеге кірген ол кенеттен бейтаныс адамды көрген. Күдікті бірден терезеге ұмтылып қашып кеткен.

Өз аумағын аралап жүрген учаскелік полиция қызметкерлері қашып бара жатқан ер адамды ұстап алды. Ұсталған – 41 жастағы ер адам ұрлық жасамақ болғанын мойындады. Пәтерде ешкім жоқ деп ойлаған ұры терезенің пластикалық жақтауын ашып, бөлмеге кірген. Пәтер иесі үйде болғандықтан, ол ештеңе ұрлап үлгермеген.


ҚР Қылмыстық кодексінің 24-188 бабы «Ұрлыққа оқталу» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру