Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері заңсыз қару сақтаған тұрғынды ұстады

Түркістан облысының полицейлері заңсыз қару сақтаған тұрғынды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Созақ АПБ-ның кезекші бөліміне жергілікті тұрғынның бірі өз үйінде қару-жарақтарды заңсыз сақтағаны туралы хабарлама келіп түсті. Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері Созақ ауданының тұрғынын күдіктіні ретінде ұстады. Тінту кезінде жедел уәкілдер күдіктінің үйінен заң талаптарына сай келмейтін 16 калибрлі шолақ мылтық тәркіледі. Тәртіп сақшылары күдіктіні оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін Созақ АПБ-ғар жеткізді.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 287-бабы (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша СДТБТ-ға тіркелді. Күдікті шолақ атыс қаруын Шолаққорған ауылына қарасты мал жайылымдық жерінен тауып алып, осы уақытқа дейін сақтап жүрген. Қазіргі уақытта аталған жайтқа байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің бас шарасы қолхатта.

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға қаруды сақтау және тіркеу ережелерін ұстанып жүру қажет екендігін ескертеді. Өз кезегінде, заңсыз сақталған атыс қаруларын ерікті түрде өткізген азаматтарға әкімшілік, қылмыстық жауапкершілікке тартылмайтынын еске саламыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру