Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Қауіпсіз жол”: Ақтөбеде 12 мыңнан астам бұзушылықтың жолы кесілді

Ақтөбеде жол қозғалысы саласындағы 12 мыңнан астам бұзушылықтың жолы кесілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысының аумағында жүргізушілер арасында жол-көлік тәртібін алдын алу және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылғы 17 мамыр мен 16 маусым аралығында жол қауіпсіздігіне әсер ететін ЖҚЕ өрескел бұзушылықтарды анықтауға және жолын кесуге бағытталған “Қауіпсіз жол” республикалық жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде.

Жедел алдын алу іс-шарасы басталғаннан бері жол қозғалысы саласында 12 мыңнан астам бұзушылықтың жолы кесілді.

Оның ішінде белгіленген қозғалыс жылдамдығы ережелерін бұзғаны үшін 2 132 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, мас күйінде көлік құралдарын басқарудың 117 фактісі, қарсы қозғалысқа арналған жолаққа шығудың 119 фактісі, жаяу жүргіншілерге жол жүруде артықшылық бермегені үшін 1 085 жүргізуші әкімшілік тәртіппен жазаланды, ЖҚЕ бұзғаны үшін 2 500-ден астам жаяу жүргінші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, бағдаршамның тыйым салатын сигналына өтудің 320 фактісі анықталды.

Ақтөбе облысының Полиция департаменті жол қозғалысының барлық қатысушыларын ҚР ЖҚЕ сақтауға, жол қозғалысына жауапты болуға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру