Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жезқазғанда учаскелік полицей саяжайдағы бірнеше үйге ұрлыққа түскен күдіктіні ұстады

Белгілі болғандай, полиция қызметкері саяжайдағы бірнеше үйге ұрлыққа түсіп, тұрғындардың керек-жарағын үптеп кеткен ұрыны “ізін суытпай” қолға түсірген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

24 қазанда Жезқазған қаласы полиция басқармасының кезекші бөліміне саяжай иелерінен үйлеріне ұры түскені жайлы арыздар келіп түсе бастады. Бір күнде бірнеше үйден ұрлық жасаған ұры тұрмысқа қажетті заттарды ұрлап кеткен. Учаскелік полиция инспекторы Қазбек дереу оқиға орнына жетіп, әкімшілік аумақта жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді.

Қала сыртында орналасқан саяжайға кіріп, шығар жолды жақсы білетін Қазбек Болатбековке саяжай аумағында жүрген бейтаныс адамның жүрісі күдікті болып көрінген. Тексеріс барысында күдіктіден саяжай тұрғындарынан ұрлаған заттар тәркіленді.

– Саяжайдағы үйімізге ұры түскенін біліп, дереу полицияға хабарластық. Біздің аумақтың учаскелік полиция инспекторы Қазбек тез арада ұрыны ұстап, ұрланған заттарымызды қайтарып берді. Осы саяжай тұрғындарының атынан учаскелік полиция инспекторына алғысымызды айтамыз, – деді қала тұрғыны Людмила Кондратюк.

Қазбекке саяжай тұрғындары айтқан алғыс алғашқы емес. Ол қазан айының басында саяжайға ұрлыққа түскен ұрыны да көп ұзармай қолға түсірген еді. Қазбек полиция қызметінде 2012 жылдан бері қызмет атқарады. Жезқазған қаласының подлиция басқармасында учаскелік полиция инспекторы болып қызмет атқарып келеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру