Жезқазғанда ұры мыс кабельді ұрлап, көпқабатты үйді электр қуатынсыз қалдырды
Жезқазғанда ұры мыс кабельді ұрлап, көпқабатты үйді электр қуатынсыз қалдырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
7 қарашада Қарағанды облысы Жезқазған қаласының ПБ-на көпқабатты үйлердің бірінің аумағынан белгісіз біреу трансформатордан 100 метр мыс кабельді ұрлап кеткені туралы хабарлама түскен. Келтірілген шығын көлемі 413 мың теңгені құрады. Белгісіз біреудің іс-әрекетінің салдарынан үйлерде жарық болмады.
Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында полиция қызметкерлері күдікті – 31 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол қылмысын мойындады. Айғақты зат тәркіленді.
ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.