Жезқазғанда жол-көлік оқиғасының саны 40 пайызға төмендеді
Жезқазғанда жол-көлік оқиғасының саны 40 пайызға төмендеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жол қауіпсіздігін арттыру және жол апаттарының алдын алу мақсатында 2022 жылдың 30 желтоқсанынан бастап облыс орталығы Жезқазған қаласында автоматтандырылған бейнебақылау камералары жұмыс істей бастады.
Бейнекамералар күніне жол ережесін бұзудың 30-35 дерегін тіркейді. Бүгінгі күні бейнебақылау камераларының жұмысының нәтижесінде 435 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтауға мүмкіндік туды.
– Камераларды орнатқаннан кейін жол-көлік оқиғасының саны 40 пайызға азайтуға қол жеткізгенімізді көрсетті. Бүгіннен бастап Сәтбаев қаласында да 10 камера жұмыс істей бастады. Аллағы уақытта қалада бейнебақылау елді мекендердің жолдарына орнатуға қолға алынып жатыр, – деді Ұлытау облысы ПД Әкімшілік тәжірибе бөлімінің бастығы Арман Әбілқасимов.