Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола тұрғыны көршісінің көлігін ұрлап, басқа қалаға кетіп қалған

Ақмола тұрғыны көршісінің көлігін ұрлап, басқа қалаға кетіп қалған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

12 қаңтарда Степняк қаласының 67 жастағы тұрғыны Біржан сал аудандық полиция бөліміне сағат 00:30-дан 07:30-ға дейінгі аралықта белгісіз адам гараждан Volkswagen Passat автокөлігін ұрлап әкеткені туралы өтінішпен жүгінді. Залал сомасы 2 млн теңгені құрады.

Өтініш берушінің айтуынша, алдыңғы күні кешке көршісі оны іс бойынша Степногорск қаласына апаруды өтінген, алайда ол өзін нашар сезінгендіктен, жігітке апара алмайтынын айтқан.

12 қаңтар күні таңертең көлігін таппаған ақмолалық полицияға жүгінді. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктінің жеке басы анықталды. Ол Степняк қаласының 19 жастағы тұрғын болып шықты. Ол “Макинск-Ақсу-Торғай” автожолының 80 шақырымында криминалдық полиция қызметкерлерінің қолына түсті. Қаскүнем жолдан шығып кетіп, көлік қарда қалып қойған. Жас жігіт көлікті тастап, бағыттас автокөліктермен Степногорск қаласына жетуге тырысқан.

Осы факті бойынша ҚР ҚК 200-бабы 1-бөлігі (Автокөлікті заңсыз иемдену) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру