Жезқазғандық полицейлер велосипед ұрысын қолға түсірді
Жезқазғандық полицейлер велосипед ұрысын қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz
Қыркүйек айында Жезқазған қаласы ПБ-ға қала тұрғындарынан велосипедтер мен автокөлік дөңгелектерін ұрлау фактілері бойынша арыз-шағымдар түсе бастады. Бұл фактілер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Жедел-іздестіру барысында полицейлерге ұрының көпқабатты үйлердің жертөлелерінің құлпын бұзып, ондағы велосипедтер мен автокөлік дөңгелектерін алып жүргені белгілі болды. Келтірілген шығынның жалпы сомасы 438 мың теңгені құрады.
«Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасының барысында криминалдық полиция қызметкерлері 46 жастағы жұмыссыз қала тұрғынын анықтап, ұстады.Күдікті барлық тіркелген ұрлық фактілерді мойындады. Күдікті бұрын мүліктік қылмыс жасағаны үшін сотты болған. Заттай айғақ – ұрланған велосипедтер алынды. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды.