Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысында жалған құжатпен көлік басқарған жүргізуші ұсталды

Қостанай облысында жалған құжатпен көлік басқарған жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Ақмола облысының 45 жастағы тұрғыны жалған техпаспорты бар Toyota автокөлігін басқарған.
Қарабалық – Қостанай тас жолындағы патрульдік полиция ротасының полицейлері ер адамның құжаттарын тексеру кезінде жалған құжатты анықтады.

Техникалық паспортта белгілер жоқ. Қазіргі уақытта автокөлік мамандандырылған тұраққа қойылды.

Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 385-бабы (Жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, сараптама тағайындалды.

Полицияда атап өткендей, жыл басынан бері патрульдік полицейлер облыста осындай бес фактіні анықтады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру