Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жезқазғанның тәртіп сақшылары екі тонау қылмысын ашты

Жезқазғанның тәртіп сақшылары екі тонау қылмысын ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz

20 маусымда Ұлытау облысы Жезқазған қаласы ПБ-ға қаланың 69 жастағы тұрғыны жүгінді. Ол белгісіз адамның шабуылына ұшырағанын айтты. Қылмыстың батыл түрде жасалғаны анықталды. Тонауды жасаған қаскөй есікті бұзып, жәбірленушінің пәтеріне кірген. Зейнеткерді қорқытып, екі телефонын, құжаттарын және алтын бұйымдарын алып кеткен. Шығынның жалпы сомасы – 800 мың теңгені. Зейнеткер шамамен 35-40 жастағы шақырылмаған «қонағының» сырт белгілерін сипаттап берді.

Аталған факті бойынша полицияда ҚР ҚК-нің 191-бабы (Тонау) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

2 шілдеде жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полицияның қызметкерлері 35 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол кінәсін толық мойындады. Заттай дәлелдемелер алынды. Тергеу жүргізілуде.

Сонымен қатар, 9 шілдеде Жезқазғанның тәртіп сақшылары 28 маусымда орын алған тонауды ашты. Аталған күні полицияға 19 жастағы жас жігіт жүгінді. Ол шамамен сағат 10.00-де қала көшелерінің бірінде телефонмен сөйлесіп келе жатқан. Сол кезде оған бейтаныс біреу жүгіріп келіп, күш көрсетіп, телефонын тартып алып, тығылып қалған. Шығын сомасы 30 мың теңгені құрады.

ҚР ҚК-нің 191-бабы (Тонау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Криминалды полицияның қызметкерлері күдіктіні, қаланың 39 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Ол кінәсін толық мойындады. Телефон алынып, жәбірленуші тарапқа қайтарылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру