Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жігіт ауылдасының темірін ұрлап, сатып жіберді

Түркістан облысының полицейлері темір ұрлап, оны сатып жіберген күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сайрам АПБ-не жергілікті тұрғын арызданады. Жәбірленушінің айтуынша, Ақсукент ауылында орналасқан жылыжайынан белгісіз біреу 32 500 теңге тұратын темір трубаларын, құны 10 000 теңге тұратын бұрамалы су жапқышын, 100 000 теңге тұратын электр қуат бергішін, 50 000 теңге тұратын ауа реттегішін және 450 000 теңге тұратын темір бөшкелерін жымқырып кеткен.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабымен тіркелді. Жәбірленушіге келтірілгеншығын көлемі 650 мыңға жуық теңгені құрады.

​​​​​​​​​Аудандық полицейлер орын алған ұрлық қылмысын ашып, күдіктіні анықтау мақсатында қажетті шараларды жүзеге асырды. Тәжірибелі полиция қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылып, шұғыл әрекет етті. Куәгерлерден жауап алып, темір сатып алатын орындарды мұқият тексеріп шықты. Нәтижесінде күдіктінің ізіне түсіп, оның жеке-басын анықтады. Осылайша полицейлер қырағылық танытып, қылмыстың ізін суытпай, күдіктіні ұстады.

Ол жергілікті тұрғын, жігіт болып шықты.​​​​​​​Тергеу барысында анықталғандай, күдікті темір-терсектерді ұрлаған соң, оны 15 000 теңгеге темір қабылдайтын жерге сатып кеткен. Бас шарасы қолхатпен босатылды.

Қазіргі таңда «Ұрлық« бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр​​​​​​​​​​​

Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға өздеріңіздің бағалы мүліктеріңізге сақ болыңыздар деп ескертеді. Мүмкіндігінше үйлеріңізге, аулаларыңызға, өздеріңізге тиесілі ғимараттарыңызға бейнебақылау камераларын орнатып, аулаларыңызды жарықтандырыңыздар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру