Жиһаз алғысы келген өскемендік алаяқтың арбауына түсті
Жиһаз алғысы келген өскемендік алаяқтың арбауына түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Өскемен қаласы ПБ Үлбі ПБ 102 жедел арнасына 34 жастағы жергілікті тұрғын жүгінді. Ер адамнының айтуынша, ол ғаламтор арқылы жиһаз жасау туралы хабарлама бойынша тапсырыс берген. Одан әрі дайындаушымен келісіп, 172 мың теңге сомасында алдын ала төлем жасаған, кейін хабарландырудың авторы байланысқа шығуды тоқтатқан. Алаяқтықтың құрбаны болғанын түсінген жәбірленуші полицияға арыз беруге шешім қабылдады.
Өтінішті қабылдай сала полиция бөлімінің жеке құрамы дереу жұмылдырылды. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады. Ол 36 жастағы облыс орталығының бұрын сотталған тұрғыны болып шықты.
Жауап алу кезінде ұсталған өз кінәсін мойындады. Сонымен қоса, қаскөйдің 2022 жылдың қаңтарында осыған ұқсас қылмыс жасағаны анықталды.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы баптың санкциясы екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.