Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Екібастұзда әткеншекке таласқан екі әйел шу шығарды

Екібастұзда әткеншекке таласқан екі әйел шу шығарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ересектер әрқашан балаларға дұрыс үлгі көрсете бермейді.

– 25 мамыр күні сағат 14:30-да Екібастұз полициясына Королев көшесінің тұрғындары хабарласты. Адамдар екі әйелдің балалардың ойын алаңында қатты шу шығарғанына наразылық білдірген. Олардың арасындағы жанжал бір-біріне деген жеке ұнатпашылық қарым-қатынас негізінде орын алған, екеуінің балалары алаңдағы әткеншекке таласып қалған, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

– Балалар әткеншекке таласып, жылай бастаған соң іске ата-аналар араласып, әрқайсысы өз баласын жақтап, жанжал бастаған. Жандарында тұрған балаларды елеместен, бір-біріне балағат сөздерді де жаудырып жіберді, – деп көршілер оқиғаның мән-жайын түсіндірді.

Аталған аулаға келген полиция қызметкерлері әйелдерді сабырға шақырды. Полиция қызметкері жанжал шығарған әйелдерге мұндай әрекеттің айналадағыларға деген құрметсіздік екенін және балаларға көрсетілген жаман үлгі екенін түсіндіруге тырысты. Ата-аналардың әрқайсысы ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы (Ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Материалды сотқа жіберу жоспарлануда.

Ал осы күні кешкісін Екібастұзда қызба мінездерін басқара алмай, басқаларға содыр мінез көрсетудің тағы бір фактісі орын алды. Осы жерде Сәтпаев көшесінің тұрғынына көршісі келіп, есікті қатты қағып, пәтер иесінен көлігін оның орнынан алып тастауды талап еткен. Мұндай “қонақты” күтпеген қыз қобалжып, бірден полициядан көмек сұраған. Ашулы көршіге қатысты ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды. Тәртіп бұзушымен профилактикалық әңгіме өткізілді.

Айта кетейік, осы жылы Павлодар облысының полицейлері ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 460 азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру