“Жиһаз жасап беремін” деп тұрғынның 400 мың теңгесін иемденген шымкенттік анықталды
“Жиһаз жасап беремін” деп тұрғынның 400 мың теңгесін иемденген шымкенттік анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылдың 10 шілдесінде Қаратау АПБ-ның “102” нөміріне жергілікті жердің тұрғыны арызданды. Ол өз арызында белгісіз біреу ас бөлмесіне жиһаз жасап беремін деп сеніміне кіріп, 400 мың теңге ақшасын алаяқтық жолмен иемденіп, қазіргі уақытқа дейін не ақшасын қайтармай, не жиһазын жасап бермей жүргенін көрсеткен.
Аталған жайт бойынша Криминалды полиция бөлімінің қызметкерлері жергілікті жердің тұрғынын анықтап, жеткізді. Ұсталған ер адамның басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.