Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Жиһаз жасап беремін”: тұрғынды алдаған қызылордалық алаяқ ұсталды

Тұрғынды алдап кеткен қызылордалық алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облыс орталығының тұрғыны әлеуметтік желідегі OLX сайтында жиһаз дайындайымын деп жарнамалаған. Оның арбауына ілінген жәбірленуші ас үй мен кіре беріс бөлмеге жиһазға тапсырыс берген. Алаяқ аз уақытта жиһазды жасап беремін деп сеніміне кіріп, алдын ала 200 мың, бір аптадан кейін 180 мың теңге ақшасын алдап алған. Жәбірленушіге жалпы сомасы 380 мың теңге материалдық залал келтірген. Алайда алаяқ берген уәдесін орындамаған.

Арыз бойынша полицейлермен жедел-іздестіру шаралары жүргізілді. Нәтижесінде күдікті анықталып, ұсталды. Ол кінәсін мойындап, оған қатысты “ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қолхат” түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.
Осы дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігімен (Алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру