Жоғалған ақмолалық әйел елордадан табылды
Жаңа жыл қарсаңында жоғалып кеткен Ақмола облысының тұрғыны табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицейлер жұмбақ жағдайда 31 желтоқсанда сағат 12.00 шамасында жоғалып кеткен Аршалы ауданының 27 жастағы тұрғынын іздеп тапты. Күйеуінің айтуынша, әйел үйден шығып, қайта оралмаған.
Ақмола облысы Аршалы ауданының ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері 1 қаңтарда жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында із-түзсіз жоғалған әйелді Нұр-Сұлтан қаласында құрбысының үйінен тапты. Оның денсаулығы мен өміріне ештеңе қауіп төндірмейді.
Оқиғаның себебі анықталуда. 1 қаңтарда полиция әйелді тұрғылықты жеріне жеткізіп, оны отбасына аман-есен қайтарды.