Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада ҚАЖ қызметкерлері ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға сыйлық таратты

Қызылордада ҚАЖ қызметкерлері ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға сыйлық таратты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ұжымы Жаңа жыл  қарсаңында “Атамекен” отбасылық үлгідегі балалар ауылына барып, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа жылдық қуаныш сыйлады.

Департамент бастығы Шаймерден Тәжіқұлұлы ұжымның атынан жаңа жыл мерекесімен құттықтап, 41 балаға тәтті сыйлық тарту етті.

– Бала қуанса, әлем қуанады. Шынымен де, бала қуанышы – бәрінен қымбат. Бала – біздің болашағымыз, ертеңгі үміт артар жалғасымыз. Бұл балалар келешекте мемлекетіміздің мерейін асқақтататын азамат болатынына  сенемін, – деді  Шаймерден Тәжіқұлұлы.

Балалар аулының қызметкері бүлдіршіндердің атынан департамент басшылығы мен қызметкерлеріне алғысын білдіріп, қызметтеріне табыс тіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру