Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атыраулық полицейлер мұқтаж отбасы балаларына көмек көрсетті

Атыраулық полицейлер мұқтаж отбасы балаларына көмек көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Атырау қаласы ПБ №2 полиция бөлімінің қызметкерлері тұрмысы төмен отбасының балаларына киім-кешек пен ойыншықтар сыйға тартты.

Өз кезегінде жәрдемге ие болған ана полицейлерге ризашылығын білдіріп, қызметтеріне табыс тіледі.

– Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар өз жалғасын таба бермек. Кішкене де болса, қамқорлыққа мұқтаж жандарға септігіміз тисе қуанамыз, – деп атап өтті №2 қалалық полиция бөлімінің бастығы Тұрлан Тұрсынғалиев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру