Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жоғалған балалар аман-есен үйіне оралды

Қызылордада үй алдынан жоғалып кеткен жасөспірімдерді полиция қызметкерлері тауып алды, – деп хабарлайды Polisia.kz. 

19 сәуірде сағат 14:00 шамасында Жалағаш ауданының Таң ауылында 7-8 жастағы балалар ойнап келеміз деп үйден шығып кетіп, қайта оралмаған. Полицияға арыз олардың ата-анасынан түсті.

Балалардың әке-шешесі бастапқы уақытта өздері іздеп көрген. Таба алмаған соң Жалағаш ауданының полиция бөліміне қарасты жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы Нұрбек Сариевке хабар берген.

Содан учаскелік полиция инспекторы «102»-ге қоңырау шалған.

Жалағаш ауданы Полиция бөлімінің қызметкерлері жоғалған балаларды түні бойы іздеп, түнгі сағат 03:00 шамасында Таң ауылынан шығысқа қарай 7 шақырым жерде орналасқан «Шіркейлі» каналының тұсында орналасқан шабындық жанында ұйықтап жатқан жерінен табады. Бабаларды іздестіруге ауыл тұрғыны Ахметов Төремұратта атсалысып, көмектесті. Полицейлер оларды ата-аналарына аман-есен тапсырды.

Төтенше жағдай кезіндегі карантин режимінің талаптарын сақтамағаны үшін екі баланың ата-анасына ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабының 6-бөлігімен әкімшілік хаттамалар толтырылып, жинақталған құжаттар аудандық сотқа жолданды.

Сонымен қатар ата-аналар мен балаларға алдағы уақытта мұндай келеңсіз жағдай орын алмас үшін профилактикалық түсіндірме жұмыстар жүргізілді.
Қызылорда облысының полиция Департаменті ата-аналарды төтенше режим кезінде жарияланған карантин талаптарын сақтап, балалардың жүріп тұруын қадағалауды сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру