Жоғалған жасөспірім Ақтөбедегі жалдамалы пәтерлердің бірінен табылды
Жоғалған жасөспірім Ақтөбедегі жалдамалы пәтерлердің бірінен табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
23 желтоқсанда кезекші бөлімге 36 жастағы қала тұрғыны жүгінді. Ол сырғанақ тебуге сұранған 15 жастағы ұлының жоғалғандығын мәлімдеді.
Полицейлер ауқымды іздестіру шараларын жүргізіп, жасөспірімнің болуы мүмкін барлық жерлерін тексерді. Келесі күні таңертең олар жасөспірімді достарымен бірге тұрған қаланың жалдамалы пәтерлерінің бірінен тапты.
Бала ата-анасына беріліп, олармен кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілік туралы профилактикалық әңгіме жүргізілді.
Полиция қызметкерлері азаматтарды немқұрайлы болмауға және ересектердің қарауынсыз жүрген балаларға назар аударуға шақырады.