Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жол ережесін бұзған павлодарлықтар әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Жол ережесін бұзған павлодарлықтар әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылғы 15 қазан сағат 07.45-те Павлодар қ. Жібек Жолы көшесі бойымен 28 жастағы павлодарлық «Митсубиси» маркалы көлік құралын басқарып, бағдаршамның тыйым салатын сигналына өтті. Сонымен қатар, жүргізуші 1.2 жол белгісі мен жол таңбасының талаптарын орындамады. Осы жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін жүргізуші ҚР ӘҚБтК-нің 599-бабының 1-бөлігі және 601-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Құқық бұзушыға 10 және 3 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Жыл басынан бері Павлодар өңірінде 2135 азамат бағдаршамның қызыл жарығын елемеген барлық бұзушылар жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру