Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО полицейлері ауыл тұрғындарынан қару-жарақ арсеналын тәркіледі

ШҚО полицейлері ауыл тұрғындарынан қару-жарақ арсеналын тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ШҚО Полиция департаментінің қызметкерлері “Учаске” республикалық жедел алдын алу іс-шарасы аясында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ атыс қаруын заңсыз айналымнан алу бойынша тиісті іс-шаралар жүргізуде.

Ағымдағы жылдың 16 қазанында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Күршім ауданы тұрғындарының бірі қаруды заңсыз сақтағаны туралы жедел ақпарат түсті.

Тексеру барысында 60 жастағы аудан тұрғыны анықталды, оның үйінен екі мылтық, сондай-ақ гильзалар мен патронташ тәркіленді.

Жүргізілген сараптама қорытындысына сәйкес алынған қару – “Тоз-16”, калибрі 5,6, ойық, атысқа жарамды, екіншісі – “ИЖ-18 М”, калибрі 16, тегіс ұңғылы, атысқа да жарамды екенін көрсетті.

ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев атап өткендей:

– Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Аталған азаматта қарудың болу мән-жайлары анықталуда, тергеу нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Сонымен қатар, Полиция департаменті тіркелмеген қаруды полицияға өз еркімен тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылатынын ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру