Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО полицейлері арасында шағын футболдан турнир өтті

ШҚО полицейлері арасында шағын футболдан турнир өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлерінің кәсіби дайындық деңгейін арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Полиция департаменті “Динамо” дене шынықтыру-спорт қоғамымен бірлесіп 22 қазан күні қызметкерлер арасында шағын футболдан Департамент чемпионатын өткізді.

Үздік атағы үшін 10 команда тартысқа түсті. Қатысушылар жеребе тастау арқылы екі кіші топқа бөлініп, жалпы 32 матч өткізді.

Ойын тартысты өтті. Тәртіп сақшылары керемет ойынды және жақсы спорттық дайындықтарын көрсетті. Әр команда жеңіс үшін белсенді күресіп, қарсыласының қақпасына гол соғуға тырысты.

Матч қорытындысы бойынша Өскемен қ.ПБ ЖПБ және Өскемен қ. ПБ және Семей қ. ПБ мамандандырылған бөлімшелерінің командалары жеңіске жетті.

Ең жас перспективалы ойыншы болып Өскемен қ.ПБ патрульдік полиция батальонының қызметкері Данабек Мерекенов танылды.

Бұл чемпионатта “үздік шабуылшы” деп Семей қ.ПБ қызметкері Дастан Жұмағалиев танылды, ал “үздік қақпашы” атағы Өскемен қ.ПБ ЖПБ қызметкері Данияр Рамазановқа берілді.

Жарыс жеңімпаздары мақтау қағаздарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру