Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жол ережесін өрескел бұзған түркістандық жүргізуші бес бап бойынша әкімшілік жазаға тартылды

Жол ережесін өрескел бұзған түркістандық жүргізуші бес бап бойынша әкімшілік жазаға тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Түркістан облысы ПД полицейлері бірқатар жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін бұзғаны туралы бейнежазбаны анықтады.

Бірден тексеру жүргізген түркістандық тәртіп сақшылар аталған жазбадағы оқиға Сарыағаш ауданындағы республикалық маңызы бар Шымкент – Жетісай тас жолы бойында болғанын анықтады.

Одан әрі Сарыағаш АПБ-нің полиция қызметкерлері аталмыш жол ережесін бұзған жүргізушілерді анықтауға кірісті. Тексеру кезінде ВАЗ екі көліктің жүргізушісінің жеке басы анықталып, аудандық бөлімге жеткізілді.

Нақтырақ айтсақ, ВАЗ 2107 көлігінің жүргізуші ӘқБТк-нің 590-бабы 2-бөлігі (Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу), 599-бабы 1-бөлігі (Бағдаршамның тыйым салатын сигналына немесе реттеушiнiң тыйым салатын қимылына қарамай өту), 595-бабы 1-бөлігі (Маневр жасау ережелерін бұзу), 601-бабы 1-бөлігі (Жол белгiлерiмен немесе жолдың жүру бөлiгiндегiтаңбалармен көрсетiлген талаптарды сақтамау) және 606-бабы 1-бөлімімен (Жол жүрiсiне қатысушының жол жүрiсi қағидаларын авариялық жағдай туғызуға әкеп соққан бұзушылығы) барлығы бес бап бойынша жауапқа тартылды.

Ал ВАЗ 2114 көлігінің жүргізушісі ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 5-бөлігімен (Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) бойынша жауапқа тартылды.

Ал автокөлік жүргізушілері жолдардағы орынсыз әрекеттері үшін кешірім сұрап, алдағы уақытта қайталамайтынын жеткізді. Қазіргі уақытта полицейлер жол қозғалысы ережелерін бұзған Toyota Avensis көлігінің жүргізушісін анықтау бойынша тиісті іс-шараларды жүргізуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру