Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да биыл мал ұрлығы 20%-ға азайды

Шығыс Қазақстан облысында биыл мал ұрлығы 20%-ға азайды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

4 сәуірде Еastkazpolice ресми парақшасында онлайн-режімінде ШҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қайрат Абдығалиевтың және ШҚО ПД КПБ бөлім бастығы Айдын Әділғазиновтың қатысуымен «Мал ұрлығы» тақырыбында брифинг өткізілді.

КПБ бастығы Қайрат Абдығалиев өзінің онлайн-баяндамасында мал ұрлығы өзекті мәселе екенін және ол азаматтардың, әсіресе ауылдық жерлердегі әлеуметтік-экономикалық жағдайға кері әсерін тигізетінін атап өтті. Аталған қылмыстарды анықтау және ашу департамент басшылығының тұрақты бақылауында.

Мал ұрлығы ауыр санатқа жатқызылады, өйткені аймақтарда мал – жалғыз табыс көзі, малынан айырылған ауыл тұрғыны күнкөріссіз қалады.

Полиция қызметкерлері мал ұрлығын анықтау және алдын алу бойынша тұрақты жұмыс жүргізеді. Биыл атқарылған шаралардың нәтижесінде аталған қылмыстардың санын 20 пайызға азайтуға мүмкіндік туды, облыстың 20 тұрғыны, оның ішінде 3 ұрлық эпизодын жасаған 3 топ ұсталды. Барлығы 16 ұрлық ашылып, 100-ден астам ұрланған және жоғалған мал табылып, иелеріне қайтарылды.

Жасалған қылмыстарға талдау көрсеткендей, көп жағдайда мал еркін жайылымнан ұрланады. Үй иелері жануарларды қараусыз шығарады. Қараусыз қалған мал ұрылардың жеміне айналумен қатар, жануарлар ауыл жолдарында апатқа ұшырау қаупін тудырады.

Полиция қызметкерлерімен профилактикалық іс-шаралар да жүргізілуде. 2020 жылы сәуірде Ауыл шаруашылығы министрлігімен ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың Үлгілік ережесі әзірленді, ол бойынша бақылаусыз жаюға тиым салынған. Бұл ережені бұзғаны үшін осы жылы 1000-нан астам тұлға ҚР ӘҚБтК 408-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. ҚР ӘҚБтК 406-бабы бойынша тиісті құжаттарсыз малды және ет өнімдерін тасымалдағаны, сатқаны үшін 41 тұлға жауапқа тартылды. Айыппұл тұрағына 2800-ден артық мал қамалды. Мал иелеріне әкімшілік сипаттағы шаралар қолдану мал ұрлығының санын азайту және ауыл шаруашылығы жануарларының иелерін өз мүлкіне жауапты болуға және оның сақталуын қамтамасыз етуге сендіру екенін атап өткен жөн.

2021-2023 жылдарға арналған мүлікті қорғау бойынша Ішкі істер министрлігімен Бағдарлама бекітілді және іске асырылуда, мал ұрлығына қарсы әрекет бойынша тиісті шаралар қарастырылған – бұл ЖАІШ өткізу.

1 наурыздан 10 наурызға дейінгі кезеңде облыс аумағында «Мал ұрлығы» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы өткізіліп, оның барысында  мал ұрлығымен айналысқан екі топ ұсталды және топ құрамында 12 облыс тұрғындары болған.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2020 жылы Қылмыстық кодекс мал ұрлығы үшін жауапкершілікті белгілейтін және күшейтетін ҚР ҚК 188-1-бабы (Мал ұрлау) – жаңа баппен толықты. Осы баптың бірінші бөлігінде мүлкі тәркіленіп, үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу қарастырылған. Екінші бөлігі бойынша – мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Осы қылмыс түрін қайталап жасаса, сондай-ақ жеке аулаға кіру арқылы, яғни алаңдардан, шаруашылық құрылыстарынан мал ұрлау осы баптың үшінші бөлігімен көрсетілген және мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас босандығынан айыруға жазаланады. Қылмыстық топпен, аса ірі мөлшерде жасалған мал ұрлығы үшін мүлкі тәркіленіп, жеті жылдан он екі жылға  дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Осы баптың үшінші және төртінші бөліктері қылмыстың ауыр санатына жатады және ол бойынша тараптардың татуласуы алынып тасталды.

Мал ұрлығына қатысты заң қатаңдатылғанымен, қарасыз қалған мал үшін жеке жауапкершілікті ешкім алып тастаған жоқ. Малды емін-еркін бағып жүрген оңай олжаның азғыруы ұрылар үшін тым ауыр болғандықтан, мал ұрлығы сияқты зиянды құбылысты тек құқық қорғау органдарының күшімен жою мүмкін емес.

Сонымен бірге, өз малдарыңызды қылмыстық қолсұғушылықтан қорғау мақсатында Полиция департаменті ең қарапайым қауіпсіздік нормаларын сақтауды ұсынады, атап айтқанда:

Үш жақты шарт жасасу арқылы малды қараусыз қалдырмау («мал иесі»-«әкімдік»-«бақташы»);

– GPS-трекерлерін орнату арқылы асыл тұқымды малды бақылаудың заманауи әдістерін кеңінен қолдану, бізде олардың көмегімен қалмыстарды ашу мысалдары болды;

– болашақта ұрланған және жоғалған малды іздеуге, сондай-ақ малшылар арасында туындауы мүмкін даларды шешуге оң әсерін тигізетін малды міндетті түрде тағбалау және сырғалау;

– малдарын өлімнен, аурудан, өрттен, жазатайым оқиғалардан, табиғи апаттардан және ұрлықтан сақтандыруды қамтамасыз ететін агроөнеркәсіптік кешендер саласында сақтандыру құралдарын қолдану.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру