Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жол қозғалысы ережелерін бұзушыларға 875 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды

2020 жылы Павлодар облысында жол қозғалысы ережелерін бұзудың 77030 дерегі анықталған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жол қозғалысына қатысушылардың кейбіреуі жол ережелері не үшін жазылғанын түсінбейді. Оларды сақтау – әрбір азаматтың міндеті.

2020 жылы Павлодар облысында жол қозғалысы ережелерін бұзудың  77 030 дерегі анықталды, құқық бұзушыларға 875 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды. Сондай-ақ 4235 жүргізуші әкімшілік қамауға алынды, ал 1279  адам жүргізуші куәлігінен айырылды, – деді Павлодар облысының Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Нұржан Таңатаров.

«Анти-рейтингті» жылдамдықты ұнататындар бастап тұр. 2020 жылы 31 436 жүргізуші жылдамдық режимін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды. Қауіпсіздік белдігін елемеген жүргізушілер де артта қалар емес, олардың жалпы саны 8093. Облыстың 3068 тұрғыны бағдаршамның тыйым салатын сигналына өтіп кеткен.

Полиция қызметкерлері жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер  жол қозғалысының тең қатысушылары екенін және барлық жол ережелеріне бірдей бағынатындығын атап өтті. Бірақ, өкінішке орай, жаяу жүргіншілер де жол қозғалысы ережелерін сақтамайды. Өткен жылы жолды белгіленбеген жерден кесіп өткені үшін 6975 жаяу жүргінші жауапкершілікке тартылған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру