Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Колония қызметкерлері қан тапсырды

Шығыс Қазақстан облысында қатаң режимдегі колония қызметкерлері донорлық қан тапсырып, “Игі істер күні” акциясына қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ОВ-156/14 мекемесінің қызметкерлері Семей қаласының қан орталығында қан қорын толықтыру үшін донорлық қан тапсырды.

– Қиын кезеңде донорлық қан әлі де сұранысқа ие. Пациенттер әлі де ауруханаларға, хирургиялық, гемостатикалық бөлімшелерге, перзентханаларға түседі. Донорлық қан компоненттерінсіз бірде-бір күрделі операция өткізілмейді, сондықтан күн сайын қан қорын толтырып отыру қажет. Біз колония қызметкерлеріне үлкен алғысымызды білдіреміз, олардың арасында тұрақты, тәжірибелі және алғаш рет қан тапсырған донорлар бар. Жұмысы қиын адамдардың осындай игі істерге уақыт бөлетіні қуантады, – дейді орталықтың терапевт-дәрігері Элис Юнкер.

– Донор болу тек құрметке ие іс қана емес, сонымен қатар денсаулыққа да пайдалы. Егер біз өз ісімізбен қан тапшылығы мәселесін шешуге көмектесетін болсақ, біз өте қуаныштымыз. Біз орталықтың дәрігерлерімен байланыстамыз және қажеттілік туындаған кезде әрдайым көмекке келеміз, – дейді колония қызметкерлері.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру