Жол үстінде кино көрген жүргізуші жазаланды
Әлеуметтік желінің Kolesa_pavlodara парақшасында 2020 жылдың 13 қаңтарында 003 маршруты бойынша жүретін мршруттық такси жүргізушісі көлік құралын жүргізіп келе жатып ұялы телефонды пайдаланғаны (фильм қарағаны) туралы пост жарияланды,- деп хабарлайды Polisia.kz порталының тілшісі.
Осы факті бойынша полицейлер 64-жасар жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБК 591-бабы 1-бөлімі- көлік құралын жүргізу кезінде телефон пайдалану бойынша әкімшілік өндіріс қозғады. Жүргізушіге сомасы 13.255 теңге айыппұл салынды.
https://www.instagram.com/p/B7Oqk1slKI3/?igshid=qz8zp8hv5ndo