Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жолаушыдан салмағы 8 келі есірткі табылды

Жамбыл облысында жолаушыдан 8,5 келіден астам гашиш табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Қарасора – 2020» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл және Жергілікті полиция басқармасының қызметкерлері «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» тас жолында «Хюндай Акцент» маркалы автокөлігін тоқтатқан.

«Тэя» атты қызметтік иттің көмегімен тексеру жүргізу барысында Алматы қаласының тұрғыны, 46 жастағы жолаушыдан салмағы 8 келі 515 грамм «гашиш» есірткі заты табылды.

Күдікті өз кінәсін толық мойындап, Қордай ауданының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.


Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

«Қарасора-2020» жедел-алдын алу іс-шарасының 17 күні ішінде заңсыз есірткінің 55 дерегі анықталып, 150 келі есірткі заты тәркіленді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру