Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Жолда қабылдау» акциясының алғашқы күнінде маңғыстаулық полицейлер 100-ден астам тұрғынды қабылдады

«Жолда қабылдау» акциясының алғашқы күнінде маңғыстаулық полицейлер 100-ден астам тұрғынды қабылдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың нұсқауымен Маңғыстау облысының аумағында қазан айының 15-16 күндері «Жолда қабылдау» республикалық акциясы өткізілуде. Шараның бірінші күні Мамандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында өткізілді.

Азаматтардың сұрақтарына Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Әкімшілік полиция, Жергілікті полиция қызметі және Көші-қон қызметі белсенді түрде жауап берді.

Тұрғындар өтініш білдірген негізгі мәселелер – көлікті тіркеу, жүргізуші куәлігін ауыстыру, азаматтық алу, қала жолдарындағы таңбаларды жаңарту және әкімшілік айыппұлдарды төлеу. Азаматтарды қабылдау облыстың барлық аудандары мен қалаларында өтіп жатыр. Сонымен қатар 47 45 69 «қауырт желі» жұмыс істейді. Іс-шара Facebook және Instagram әлеуметтік желілерінің ресми парақшалары арқылы тікелей эфирде көрсетілді.

Бүгінгі «Жолда қабылдау» әлеуметтік желілердегі тікелей эфирлерді қосқанда ішкі істер органына қатысты 250-ге жуық сұрақ келіп түсті. Барлық сұрақтар бойынша жауаптары беріліп, тұрғындардың мәселелері назарға алынып, шешу жолдары да айқындалды. Аталмыш шара ертең де өз жалғасын табады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру