Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодардағы колония қызметкерлері мен “Еңбек” РМК өкілдері тұрғындарға тегін балғын нан таратты

Павлодардағы колония қызметкерлері мен “Еңбек” РМК өкілдері павлодарлықтарға тегін балғын нан таратты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ерекше акцияны нан күні қарсаңында өткізу туралы шешім қабылданды.

– Үстелдегі негізгі және әлеуметтік маңызы бар өнім – нан екенін бәрі біледі. Нан күніне орай біз ұн сатып алдық, ал сотталғандар облыс орталығының тұрғындары үшін 100 бөлке пісірді, – деді “Еңбек” өңірлік филиалының директоры Қайрат Ахметжанов.

Ыстық күйде жаңа піскен нандарды сатушылар мен ҚАЖ қызметкерлері мұқтаж адамдарға арнап дүкен сөрелеріне қойды.

– Біз үнемі түрлі акциялар өткіземіз. Бүгін біз мұқтаж адамдарға көмектесеміз. Біз жай ғана нан дүкендерінің сөрелеріне қойып, бұл тегін нан екенін жазуды жөн көрдік. Кім қалайды – сол алады. Нан барлық санитарлық нормаларды ескере отырып пісірілгенін атап өткім келеді. Колониядағы наубайхана барлық стандарттарға сәйкес келеді, өнімнің сапа сертификаты бар, – деп АП-162 /4 мекемесінің бастығы Ербол Шәріпов түсініктеме берді.

Дүкен сатушыларының айтуынша, нан тұрғындар арасында бірнеше сағат ішінде бөлініп, алынып кетті. Тұрғындар өнімнің дәмі мен балғындығын бағалады және бей-жай қарамайтын азаматтардан осындай игі шараларды күтетіндерін жеткізді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру