Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ЖОО-ға жұмысқа орналасқысы келген семейлік алаяққа жарты миллион теңгесін беріп қойды

ЖОО-ға жұмысқа орналасқысы келген семейлік алаяққа жарты миллион теңгесін беріп қойды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қаңтар айының соңында Семей қалалық Полиция басқармасы Затон ПБ-нің «102» жедел арнасына 40 жастағы жергілікті тұрғын қоңырау шалып, 2021 жылдың қазан айының соңында бейтаныс әйел қала университеттерінің біріне жұмысқа орналасуға көмектесуге уәде беріп, өз қызметі үшін 550 мың теңге сұраған. Ақшаны беріп қоғаннан соң, біршама уақыттан кейін ойлағаны іске аспаған жәбірленуші, өзінің алданғанын түсінген. Оларды ортақ танысы таныстырғаны мәлім болды.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде, полиция қызметкерлері қаскөйдің тұлғасын анықтап, қолға түсірген. Ол 28 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Тергеу іс-шаралары барысында алаяқтық жасады деп айыпталған қүдікті, алған қаражатты өз қажеттілігіне жұмсағанын айтып, өз кінәсін мойындаған.

Бүгінгі таңда 28 жастағы күдіктіге қатысты келу міндеттемесі бұлтартпау шарасы қабылданды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оның санкциясында екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру