Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері 5 жүргізушіні жауапқа тартты

Түркістан облысының полицейлері бес жүргізушіні жауапқа тартты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде үлкен жолдардың бірінде көліктер жарысы ұйымдастырылған болуы мүмкін деген тақырыптағы бейнежазба Түркістан облысы Полиция департаменті полицейлерінің назарына түсті. Ақпарат алынған сәттен бірден тексеру жүргізген полицейлер оқиғаның 6 ақпанда Батыс Қытай-Батыс Еуропа тас жолының 8-11 шақырым аралығында орын алғанын анықтады. Сонымен қатар, құқық бұзушылыққа тосқауыл қойып, жол бермеу үшін оқиға орнына полицейлер шыққан, алайда сондағы BMW 530 көлігі қарсылық танытып, полицияның тоқта деген заңды талабына бағынбаған.

Жоғарыда аталған жайт бойынша Түркістан облысы ПД Патрульдік полиция батальонының жеке құрамы қызметкерлері жедел анықтау іс-шараларын жүргізді. Нәтижесінде, полиция қызметкерлерінің заңды талабына бағынбаған жас жүргізуші Алматы облысының тұрғыны болып шықты. Оған қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 613-бабы 1-бөлігімен (Ішкі істер (полиция), көліктік бақылау органдары қызметкерінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттерінде және Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінде, әскери полиция органдары қызметкерінің талаптарын орындамау, алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйін куәландырудан өтуден жалтару) және ӘҚБтК-нің 590-бабы 5-бөлігімен (Көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) әкімшілік хаттама толтырылды.

Оған қоса, дәл осы күні Түркістан облысына қарасты республикалық маңызы бар автожолдарда жолда жүру ережесін сақтамай, автокөлікті құжатсыз басқарған және жоғарыда аталған құқық бұзушылықтарға байланысты жүгенсіз төрт жүргізуші анықталып, хаттама толтырылды. Атап айтсақ, ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы (Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқаруы) бойынша екі хаттама, 630-бабы (Жолдарды, теміржол өтпелерін және басқа да жол құрылыстарын бүлдіру) және 593-бабы (Жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау) бойынша бір хаттама толтырылды. Оның ішінде екі көлік айыптұраққа қойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру