Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматының шетінде шопан қару-жарақ пен арнайы оқ-дәрілер салынған жерді тапты

Алматының шетінде шопан қару-жарақ пен арнайы оқ-дәрілер салынған жерді тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласы Алатау ауданының полицейлері әскери оқ өткізбейтін кеудеше, каска, травматикалық тапанша мен бірнеше ондаған патрондарды тәркіледі.

– Біздің бөлімшеге У.есімді азамат хабарласты және “Дархан” ықшамауданындағы сайда мал бағып жүрген кезінде қару-жарақ арсеналын тауып алғанын хабарлады. Ақпарат расталды. Жедел-тергеу тобы каска, оқ өткізбейтін кеудеше, Калашников автоматынан мүйіз, 7,62 мм калибрлі 20 патрон, “Беретта” травматикалық тапаншасы, резеңке таяқшалар, “Макаров” тапаншасынан 19 патрон және белгісіз травматикалық тапанша тәркілеген. Қойманың ішінен табылғандардың меншік құқығы мен шығу тегі одан әрі тексеру барысында анықталады. Арсеналды жасырған тұлғалар анықталып, жауапқа тартылады, – деді Алатау аудандық Полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру