ЖОО студенттері Павлодар облысы бойынша ҚАЖ департаментінде тәжірибеден өтуде
Торайғыров университетінің студенттері Павлодар облысы бойынша ҚАЖ департаментінде тәжірибеден өтуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Computer Sciens кафедрасының студенттері Павлодар облысы бойынша ҚАЖ департаментіне өндірістік тәжірибеден өтуге жіберілді.
– ҚАЖД мен Toraighyrov University арасында ынтымақтастық туралы келісім жасалды. Жыл сайын студенттерді тәжірибеден өтуге жібереді. Жас ұрпақ – жаңа көзқарас, жаңа тәжірибе ғана емес, ең алдымен бұл жастардың тәрбиесі. Әрине, біз – департамент басшылығына келетін болсақ, кадрлар қатарында бізде тәжірибеден өткендерді көру қуанышты, бірақ бұл оқудың негізгі мақсаты емес. Ең бастысы, бұл жастар өз елінің нағыз патриоты болып, басындағы бейбіт аспанның қадірін біліп, еліміздің лайықты азаматы болуы керек, – деп түсіндірді департамент бастығының орынбасары Даулет Искаков.
Тәжірибе барысында студенттер департаменттің және ведомстволық бағынысты мекемелердің жұмысымен танысты.
– Мен өзім үшін көптеген жаңа нәрселерді білдім, маған тергеу изоляторына бару ерекше ұнады. Мені әрқашан бейнебақылау қалай құрылады және жүзеге асырылады, қандай серверлер пайдаланылады деген сұрақтар қызықтырды. Офицерлер барлық сұрақтарымызға жауап бергені өте қуанышты. Осы күндердің ішінде мен өзімнің білім қорын толықтырдым. Мекемелер мен департаменттің қызметкерлеріне алғысым шексіз, – дейді 3-курс студенті Аружан Сәрсембаева.
Тәжірибелік сабақтардан басқа студенттерге университетті бітіргеннен кейін қылмыстық-атқару жүйесіне жұмысқа орналасу ұсынылды.